Степногорскіде банк бөлімшесінің директоры мен кассир 255 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2022 жылдың желтоқсанында Степногорск қаласында орналасқан банктердің бірінің филиалдарын жоспарлы тексеру барысында банктің аса ірі мөлшердегі қаражатының жетіспейтіні анықталды.

Степногорскіде банк бөлімшесінің директоры мен кассир 255 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

Бұл туралы ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ондағы мәліметтерге қарағанда, аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу).

Алдын ала ақпарат бойынша, бір-бірімен сөз байласқан айыпталушылар ешбір қылмыстық схемасыз және шоттарды бұрмалаусыз жоғарыда аталған соманы бір ай ішінде кассадан алып шыққан.

«Қылмыстық істі тергеу жалғасуда»,-делінген хабарламада.