Степногорскіде келіншек жаңа туған нəрестесін далаға тастаған

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Степногорск қаласының тұрғыны үй ауласында жаңа туған нəрестенің мəйітін тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Степногорскіде келіншек жаңа туған нəрестесін далаға тастаған

Полицейлердің дерегі бойынша, жедел іздестіру шарасы барысында нəрестенің анасы 26 жастағы келіншек екені анықталды. Ол қазанның 22-і күні нәрестесін 7 ай мерзімінде босанған. Келіншек нәрестесін аман-есен босанып, тұрғын үйдің ауласына шығарып тастаған. Нəрестені өлі күйде жергілікті тұрғын тауып алған.

«Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 100 бабы бойынша (жаңа туған баланы анасының өлтіруі) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-оқиғаның мəн-жайы анықталу үстінде», деп түсіндірді ПД баспасөз қызметі.