16:02, 21 Маусым 2010 | GMT +5
Степной кенішінде қайғылы оқиға орын алды
АЛМАТЫ. Маусымның 21-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше «Жезқазғантүстіметалл» өндірістік бірлестігінің Степной кенішінде жарылыс болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақмыс компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға күндізгі сағат 10-ның кезінде орын алған. Жарылыстан 3 адам мерт болып, бір адам ауруханаға түсті. Қазіргі уақытта оқиға орынында жарылыстың себеп-салдарын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Қазақмыс тобы комиссия жұмысының қорытындысын алдағы уақытта хабарлайтын болады.