Стив Джобс «Жыл адамы» атанды

АСТАНА. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы iPad планшетін, iPhone 4 смартфонын және MacAir ноутбугін таныстырған Apple компаниясының басшысы Стив Джонсты Financial Times газеті «2010 жылдың адамы» деп атады. Бұл туралы «РИА «Новости» агенттігі хабарлады.

Стив Джобс    «Жыл адамы» атанды

Financial Times газеті Стив Джобсқа «Жыл адамы» атағының берілуін ең алдымен, IT нарығы үшін түбегейлі жаңа өнім - iPad планшетті компьютерінің шығарылуымен байланыстырып отыр.