Стив Джобске ескерткіш орнатылды
АСТАНА. 28 шілде. ҚазАқпарат - Одессада Стив Джобстың құрметіне ескерткіш орнатылды, қаланың билік өкілдері студенттердің бұл бастамасына рұқсат берді, деп хабарлады Утро. ру.
«Бұл идея тың бастама. Бүгінгі күні бүкіл әлемді «билеген» ақпарат заманында Стив Джобске ескерткіш орнату орынды. Жастар оны пір тұтады. Ол адамдардың ең керекті қажеттілігін ойлап тапқан дарынды тұлға. Сондықтан да біз бұндай «мүсіндік композияцияға» өз рұқсатымызды бердік», - деді комиссия басшысы, вице-мэр Елена Павлова.