Стив Джобстың неден көз жұмғандығы белгілі болды
АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Apple-дің негізін қалаушы Стив Джобстың қаза болуына басқа да мүшелеріне шауып кеткен ұйқы безі ісігінен демінің тоқтап қалуы себеп болған. Бұл жөнінде Associated Press Санта-Клара денсаулық сақтау департаменті таратқан өлімі туралы куәлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
The New York Times-тың жазғанындай, Apple негізін қалаушысының өмірін үзген себеп коронер есебінде былай деп көрсетілген: «метастатикалық эндокриндік ұйқы безі ісігі».
Бұған дейін БАҚ-тарда Стив Джобстың ісік дертінен көз жұмғандығы хабарланды, алайда ол бейресми ақпарат болатын.
Өлу туралы куәлігінде хабарланғандай, Джобс Пало Альтодағы өз үйінде дүниеден озған. Тексеріс барысында Джобстың ішкі құрылысына сараптама жүргізілмеді. Стив Джобс 2011 жылы 5 қазанда қайтыс болды. Онда ұйқы безі ісігі 2003 жылы анықталған болатын, соның салдарынан оған қаншама ауыр операциялар жасалды. Apple атасының жерлеу рәсімі 7 қазанда өтті, оған тек Джобстың ең жақын туыстары мен достары қатысты, деп жазады Лента.ру.