Стивен Хокинг адамдардың басқа ғаламшарға қай уақытта көшетінін айтты

 АСТАНА. ҚазАқпарат -   Британдық көрнекті физик Стивен Хокинг басқа ғаламшарға қоныс аудару қажеттілігі туралы айтты. Бұл туралы ол Норвегияда өткен  Starmus IV  халықаралық ғылым фестивалінде мәлім етті, деп хабарлады  The Telegraph.

Стивен Хокинг адамдардың басқа ғаламшарға қай уақытта көшетінін айтты

«Адамдар жерден кетуі тиіс екеніне  сенімдімін. Жер біз үшін тым кішкентай,  біздің физикалық ресурсымыз қауіпті қарқынмен сарқылуда», - деді ол

Ғалымның айтуынша, таяу 30 жылда Айда ал 50 жылдан кейін Марста база салынады.

Бұл ғаламшарда адамдардың көбеюін және жаһандық жылынуға байланысты проблемаларды болдырмауға мүмкіндік береді, деді Хокинг.