Стокгольм метросында жарылыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Швеция астанасы Стокгольдегі Худдинге ауданы аумағындағы Ворбю метро стансасы жанында болған жарылыс салдарынан екі адам зардап шекті.

Стокгольм метросында жарылыс болды

 Бұл туралы ТАСС  SVT телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

60 жастағы ер адам жерде жатқан пакетті көтерген сәтте жарылыс болған. Оның қасындағы әйел де зардап шеккен. Олардың екеуі шұғыл ауруханаға жеткізілді.

Полиция оқиға орнын қоршауға алды. Тәртіп сақшылары жарылысқа не себеп болғандығын әзірге айтпай отыр.

ФОТО: Scanpix