Стокгольм Олимпиада-2022 өткізуден бас тартты

АСТАНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - Стокгольм 2022 жылғы қысқы Олимпиадалық ойындар өткізу додасынан бас тартты, деп хабарлады Лента.ру.

Стокгольм Олимпиада-2022 өткізуден бас тартты

Бұл туралы «Швеция үшін альянс» билеуші коалициясына кіретін партия өкілдері мәлімдеді. Партия мәлімдемесінде жарыстарды ұйымдастыру жаңа спорт құрлыыстарын салуға орасан инвестиция салуды талап етеді, Ойындар аяқталғаннан кейін олардың қажеті болмай қалады, делінген.

Sveriges Radio-ның атап өтуінеше, бұдан бұрын христиандық демкократтар, солшылдар партиясы және Либеральдық партия осындай мәлімдемелер жасаған болатын.

2013 жылғы қарашада Халықаралық олимпиада комитеті Олимпиада-2022 үшін алты қала күресетінін хабарлаған болатын. Енді Стокгольм жарыстан шығып қалғаннан кейін бес үміткер - Бейжің, Осло, Алматы, Львов және Краков доданы одан әрі жалғастырады. Олимпиада-2022 астанасы 2015 жылғы 31 шілдеде белгілі болады.