Стокгольмде болған жарылыстан 7 адам зардап шекті

АСТАНА. ҚазАақпарат - Швеция астанасы Стокгольмде фабрикалардың бірінің аумағында жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында 7 адам зардап шекті, деп хабарлады Expressen газеті.

Стокгольмде болған жарылыстан 7 адам зардап шекті

Оқиға швеция астанасының оңтүстігінде болды, деп мәлімдеді utro.ru.

Полиция өкілі Андерс Брюнгельссонның айтуынша, бір адам күйіп, тағы екі адам иіс тиіп, ауруханаға жатқызылған.

Ол белгісіз себептермен жаңқа сорғыш құрылғы жарылып, айнала түтіндеп кеткенін айтты.