Стокгольмде экономика бойынша Нобель сыйлығы лауреатының есімі жарияланады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Корольдік академия жанындағы Экономика жөніндегі Нобель комитеті Альфред Нобельдің құрметіне 2014 жылғы Швеция Мемлекеттің банкі сыйлығы лауреатының есімін атайды.

Стокгольмде экономика бойынша Нобель сыйлығы  лауреатының есімі жарияланады

Өткен жылы лауреат атағын «Активтердің бағасын эмпирикалық талдағаны» үшін америкалық ғалымдар Юджин Фама, Ларс Питер Хансен және Роберт Шиллер алған болатын.

Нобель комитетінің шешімі соңғы сәтке дейін құпия сақталады. Алайда БАҚ-тың экономикалық бөлімдерінің сарапшылары өз болжамдарын жасауда. Үміткерлердің арасында кәсіпкерлік зерттеумен айналысатын американдықтар Уильям Баумол мен Исраэль Кирзнер, сондай-ақ экономикалық өсім туралы Йозеф Шумпетердің теориясын дамытқан француз Филипп Агьон мен канадалық Питер Хауитт есімдері жиі аталып жүр.