Стокгольмде экономика саласы бойынша Нобельдік сыйлықтың биылғы лауреатының есімі жария етіледі

АСТАНА. Қазанның 11-і. ҚазАқпарат - Швецияның Корольдік ғылым академиясы бүгін экономика саласы бойынша Нобельдік сыйлықтың биылғы лауреатының есімін жария етеді,

Стокгольмде  экономика саласы бойынша   Нобельдік сыйлықтың      биылғы лауреатының есімі жария етіледі

деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

Нобельдік комитеттің шешімі соңғы сәтке дейін құпия сақталады, бірақ сарапшылар биылғы үміткерлердің қатарына еңбек өнімділігінің ұзақмерзімдік үдерістерін зерттеген Гарвард университетінің профессры Уильям Бомол, «Лукас-Ромер» моделі деген атпен танымал экономикалық өсудің жаңа теориясының негізін қалаушылардың бірі - Стэнфорд университетінің профессоры Пол Ромер, сондай-ақ қор нарықтары саласының маманы, Чикаго университетінің профессоры Юджин Фама сияқты ғалымдарды жатқызып отыр. Үміткерлердің қатарында «әрекетті экономика» саласында жаңашыл зерттеу жүргізген және адамдардың ынтымақтасуына негіз болатын психологиялық факторларды анықтаған Цюрих университетінің оқытушысы австриялық ғалым Эрнст Фер мырза да бар.