Стокгольмде метрода жарылыс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбіде Швеция астанасының жанындағы Ворбю кентінде метродағы стансада болған жарылыстан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі.
60 жастағы ер адам жерде жатқан пакетті көтерген, сол кезде ол қолында жарылып кеткен. Оның жанындағы әйел адам да жарақат алған. Екеуі де ауруханаға жеткізілді.
Полиция оқыс оқиға болған жерді қоршауға алды. Қазір сол маңда саперлар жұмыс істеуде.
Тәртіп сақшылары жарылыстың неден болғанын әзірге хабарламай отыр.
ФОТО: Scanpix