09:35, 08 Қазан 2012 | GMT +5
Стокгольмде Нобель апталығы-2012 басталды
АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Стокгольм және Осло қалаларында 8-15 қазан аралығында Нобель сыйлықтарының 2012 жылғы иелерінің есімдері аталады,

деп хабарлайды "Московский комсомолец" .
Апталықты Стокгольмдегі Каролин медициналық институты жанындағы Нобель комитеті ашады. Ол 8 қазан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 13:30-да медицина немесе физиология саласындағы сыйлық иелерін атайды.
Сейсенбі және сәрсенбіде швециялық Корольдік ғылымдар академиясының Нобель комитеті физика және химия салаларындағы лауреаттарды атайды.
Нобель лауреаттарының есімдерін атау жұма күні Ослода жалғасады, мұнда Норвегиялық нобельдік комитеті бейбітшілікті нығайту бойынша жұмысы үшін сыйлықтың иесін немесе иелерін хабарлайды.
Нобель апталығы дүйсенбі, 15 қазан күні Стокгольмде экономика саласындағы сыйақы иесін атаумен аяқталады.