Стокгольмде Нобельдік сыйлықтар тапсырылды

АСТАНА. Желтоқсанның 12-сі. ҚазАқпарат - Кеше Стокгольмде физика, химия, физиология мен медицина, экономика және әдебиет салаларындағы Нобельдік сыйлықтарды тапсырудың салтанатты ресімі өтті,

Стокгольмде Нобельдік сыйлықтар тапсырылды

 деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.Ру сайтына сілтеме жасап.

Физика бойынша сыйлықтарды Чарльз Као, Уиллард Бойл және Джодж Смит алды. Физиология мен медицина салаларында Элизабет Блэкберн, Джек Шостак және Кэрол Грейдер лауреат атанды. Химия саласындағы сыйлыққа Венкатраман Рамакришнан, Томас Стейц және Ада Йонат, ал әдебиет бойынша неміс жазушысы Герта Мюллер ие болды. Экономика саласындағы жетістіктері үшін американдықтар - Элинор Остром мен Оливер Уильямсон награданы бөлісті.

Салтанатқа қатысушылардың әрқайсысы нобелдік медаль, сертификат, сондай-ақ Швецияның королі Карл XVI Густавтың қолынан 975 мың еуроның чегін алды.

Бейбітшілік сыйлығы мұның алдында Норвегияның астанасы Ослода тапсырылған болатын. Бұл сыйлықтың лауреаты Барак Обама болды.