Стокгольмде ұрылар ақша сақталған қойманы тонап, тікұшақпен қашып кетті
АСТАНА. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат - Швед полициясы бүгін таңертең Стокгольмнің оңтүстігіндегі күзет кәсіпорны бұрын-соңды болмаған тонауға ұшырағанын мәлімдеді,
деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.
Ұрылар ақ тікұшақпен G4S компаниясының төбесіне қонып, ақша сақталған жерге басып кірген. Куәгерлердің бірі олардың тікұшаққа қапшықтарды қалай тиеп жатқанын көргенін хабарлады.
Кейіннен иесіз тікұшақ Стокгольмнің солтүстігіндегі Арнингтен табылған.