Стокгольмдегі сауда орталығында жарылыс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Швеция астанасы Стокгольмдегі сауда орталығында жарылыс болды, оның себептері анықталып жатыр. Бұл туралы ресейлік kommersant.ru басылымы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасай отырып хабарлады.
Оқиға орнына полиция, құтқарушылар келіп жеткен. Жарылыс болған ғимарат қоршауға алынған. Оқиғаны көргендердің айтуына қарағанда, жарылыс жергілікті уақытпен сағат 18:28-де болған.
«Жарылыстан ғимарат дүр сілкінді. Адамдардың сыртқа қашып шығып жатқанын көріп, мен де тысқа жүгірдім», дейді оқиға куәгері 23 жастағы Хелен Альдур.
Жергілікті басылымдар жарылыстан ешкім зардап шекпеген деп жазуда.