«Столичная недвижимость» АҚ басшылығы үлесшілердің қаржысын өз қалталарына басқан

АСТАНА. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат - Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 177-ші бабы 3-ші «а,б» тармағы бойынша («Алаяқтық») - Б., Т., П., деген азаматтардың және «Столичная недвижимость» акционерлік қоғамының басшылары мен бухгалтерлерінің, директорлар кеңесінің мүшелері мен акционерлер өкілдерінің үстінен қылмыстық іс қозғап отыр.

«Столичная   недвижимость» АҚ   басшылығы үлесшілердің  қаржысын   өз қалталарына басқан
Олар азаматтарды алдап-сулап құрылысқа үлестік қатысу туралы 1 100 000 000 теңге сомаға келісімшарт жасаған да, бірақ өз міндеттемелерін орындамай, үлесшілердің қаржысын қалталарына басқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.