11:49, 06 Қаңтар 2009 | GMT +5
«Столичная недвижимость» АҚ басшылығы үлесшілердің қаржысын өз қалталарына басқан
АСТАНА. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат - Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 177-ші бабы 3-ші «а,б» тармағы бойынша («Алаяқтық») - Б., Т., П., деген азаматтардың және «Столичная недвижимость» акционерлік қоғамының басшылары мен бухгалтерлерінің, директорлар кеңесінің мүшелері мен акционерлер өкілдерінің үстінен қылмыстық іс қозғап отыр.
Олар азаматтарды алдап-сулап құрылысқа үлестік қатысу туралы 1 100 000 000 теңге сомаға келісімшарт жасаған да, бірақ өз міндеттемелерін орындамай, үлесшілердің қаржысын қалталарына басқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.