Стоматологияда күйік шалған әйел қаза тапты - БҚО

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда жұмыс орнында күйік жарақатын алған әйел қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Стоматологияда күйік шалған әйел қаза тапты - БҚО

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 30 қараша күні таңмен «Құрылысшы» шағынауданы, 2/1 мекенжайында орналасқан стоматология ғимаратында болды.

Осында белгісіз затпен ғимаратты жинап жүрген 31 жастағы әйел 90-92 пайыз күйік жарақатын алған.

Әйел сағат 08.34-те қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Алайда ол есін жимастан, сағат 12.30-да жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, әйел мас күйде болған.