Стоматологиялық орталықтардың қызметіне 250-ге жуық шағым түскен

АСТАНА. KAZINFORM – Денсаулық сақтау министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауапта стоматологиялық қызметтердің сапасына тұрғындардан қаншалықты жиі шағым түсетінін мәлім етті.

Тіс емдеу
Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

- Биылғы 11 айда Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне және оның аумақтық департаменттеріне 244 өтініш келіп түсті. Өтініштердің ең көп үлесі Павлодар облысы, Астана және Алматы қалаларына тиесілі, - деп жазылған министрлік мәліметінде.

Ведомствоның мәліметі бойынша тіс дәрігерлерінің қателігінен болған өлім-жітім мен мүгедектік жағдайы тіркеліп көрген жоқ.

- Осы кезеңде (2024 жылдың басынан бері – ред.) стоматологиялық қызмет көрсетуден кейін мүгедектік және өлім-жітім, сондай-ақ, стоматологияның медициналық қызметіне лицензиядан айыру фактілері тіркелмеген, - деп жазылған жауапта.

Осыған дейін БЖЗҚ ақшасына тіс емдетушілерге бағаны көтеру заңды ма, деген сауалға берілген жауап туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар