Стоматологиялық кабинеттерде «С» гепатитін жұқтыру мүмкіндігі жоққа шығарылмайды - Бас санитарлық дәрігер

Астана. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат/ Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Бас санитарлық дәрігері Кеңес Оспанов стоматологиялық кабинеттерде «С» гепатитін жұқтыру мүмкіндігі жоққа шығарылмайтынын мәлім етті,

Стоматологиялық  кабинеттерде  «С» гепатитін жұқтыру мүмкіндігі жоққа шығарылмайды - Бас санитарлық дәрігер

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеңес Оспанов атап көрсеткеніндей, Денсаулық сақтау министрлігі үстіміздегі жылы қаңтардың 15-інен бастап, санитарлық ережелер мен нормалар талаптарының сақталуына республиканың стоматологиялық және косметологиялық ұйымдарына тексеріс жүргізе бастады. Ел аумағында жұмыс істейтін 1869 (барлығы 2029) стомотологияның 677-сінде эпидемияға қарсы және зарарсыздандыру талаптарының бұзылып отырғандығы анықталды. Тексеріс барысында стоматология қызметкерлерінің 7996-сы «В» және «С» вирусты гепатитіне тексерілгендігі мәлім болған. Зертханалық сараптама олардың 58-інде гепатиттің «В», 48-інде «С» вирусына оң нәтиже берген. «Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою үшін 864 ұйғарым, 981 айыппұл салынды. Сондай-ақ 244 қызметкер жұмыстан шеттетіліп, 44 стоматологиялық нысанның жұмысы уақытша тоқтатылды», деді К. Оспанов.