«Стоп-трафик» шарасының барысында 56 жеңгетай мен 341 жезөкше арнайы есепке қойылды

АСТАНА. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Стоп-трафик» жедел-сауықтыру шарасының барысында 3 адамды саудалау 3 адамды ұрлау әрекеті анықталды.
None
None

Сондай-ақ осы шаралар кезінде 5 азаматты еркінен айырып, қамауда ұстау, 5 жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу және 42 жеңгетайлықпен байланысты әрекеттер анықталып, әшкереленді. Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, аталмыш шара ақпанның 8-і мен 12-сі аралығында республика аймағында адам саудасы мен азаматтарды ұрлау және оларды еркінен айырып, пайдаға асыру мақсатындағы әрекеттердің жолын кесу мақсатында жүзеге асырылған. «Шара барысында 56 жеңгетай мен 341 жезөкшелікпен айналысып жүрген қыздар арнайы есепке қойылды. Ал ішкі істер саласының арнайы мекемелеріне аты-жөндерін анықтау мақсатында 66 азамат орналастырылды. Олардың 8-і кәмелетке толмаған жасөспірімдер. Сондай-ақ жезөкшелікпен айналысып жүрген 22 ТМД азаматтары есепке қойылды», деді департамент бастығы.

Сондай-ақ оның мәліметтеріне қарағанда, жедел-сауықтыру шарасы барысында алматылық полицейлер өткен жылы Алматы облысының кәмелетке толмаған үш жасөспірім қызын қалаға алдап әкеліп, сексуалдық қызметке пайдаланған азаматтарды ұстады. Аталмыш әрекет бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қ.Жұманов бұған қоса Шығыс Қазақстан облысында Ридер қаласының тұрғынын 7 ай бойы зорлықпен ұстап, қара жұмысқа пайдаланып келген орманшының ұсталғандығын айтты.

Соңғы жаңалықтар
Референдум