«Стоп, вандал» акциясы: Астанада 270-ке жуық бұзушы жауапқа тартылды

Елордада вандализмге қарсы күрес және алдын алу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Құқық қорғау органдары вандализмнің тағы екі жағдайын анықтап, бұзушыларға қатысты тиісті шаралар қабылдады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

вандализм
Фото: Астана әкімдігі

31 қазанда таңғы сағат 9-да 26 жастағы ер адам кеңсе терезесін әдейі сындырып, жеке меншік нысанға материалдық шығын келтірді.

Бұған ұқсас жағдай 30 қазан күні кешке болды. Жас жігіт біреудің көлігінің әйнегі мен айнасын сындырды.

Барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жыл басынан бері Астанада еріктілер, белсенділер, белгілі спортшылар, қала тұрғындары қолдаған «Стоп, вандал» акциясы аясында профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

Акцияның мақсаты – вандализмнің кез келген көрінісін болдырмау және елордада тазалық пен тәртіпті сақтау.

Жыл басынан бері сот 270-ке жуық адамды бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін, жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін, ғимараттар мен тұрғын үй-жайларды бүлдіргені үшін жазалады. Олардың барлығы жауапқа тартылды.

Вандализмнің алдын алу жұмыстары қалалық прокуратура мен полиция департаментінің үйлестіруімен жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар