02:20, 10 Мамыр 2012 | GMT +5
Страдиваридің құны 20 миллион доллардан асатын аса бағалы виолончелі бүлінді
АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Есімі әлемге танымал ұлы шебер Страдиваридің фотосессияға қойған музыкалық аспабы үстелден құлап кетіп, бүлінді.

Бұл жайында аса бағалы музыкалық аспап сақтаулы тұрған Мадридтегі Король сарайының өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Утро.ру сайты.
Дегенмен, өзге де ақпарат көздерінің таратқан ақпаратына қарағанда, аспаптың бөлініп қалған бөлігі түпнұсқа емес. Ол аталған виолончелиді 19-ғасырда қалпына келтіру кезінде жапсырылған. Ал аспаптың өзі одан 2 ғасыр бұрын жасалған болатын.
Қазіргі уақытта белгілі болып отырғаны, виолончелидің құны 20 млн. доллардан асып жығылады. Демек, үстелден құлап сынған аспапты қайта қалпына келтіруге бірнеше миллион доллар қаржы қажет болуы мүмкін.