Страдиваридің құны 45 млн. долларлық музыкалық аспабы жабық бәссаудаға шығарылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Антонио Страдиваридің бағалау құны 45 млн. долларлық Альт «Макдональд» жабық бәссаудаға шығарылады.

Страдиваридің құны 45 млн. долларлық музыкалық аспабы жабық бәссаудаға шығарылады

Sotheby's аукцион үйінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Страдиваридің құралдары аса құнды әрі сиректердің қатарында. Бүгінгі күнге тек олардың 10 данасы ғана жеткен. Ал шебер өз өмірінде 600 скрипка мен 50 виоленчел жасалған.

Бұл аспап 1719 жылы шығарылған. 1820 жылы Магдоналд үшінші бароны Годфри Босвиль иеленген соң Альт «Макдональд» аталған. Қазір оны 1964 жылы сатып алған Петер Шидлоф отбасы (1922-1987) саудаға шығарып отыр.

Бүгінгі күнде Стариварди 1721 жылы құрастырған "Леди Блант" скрипкасы рекордтық бағаға ие. Ғажайып аспапты 2011 жылғы шілде айында өткен интернет-аукционда Жапонияның музыкалық қауымдастығы сатып алған болатын, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.