Страдиваридің скрипкасы аукционда рекордтық бағаға сатылуы мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM – Скрипка 12-18 млн долларға бағаланды, деп хабарлайды The Associated Press

Страдивари скрипкаси
Фото: Lev Radin / Legion Media

1714 жылы атақты Антонио Страдивари жасаған скрипка бұрын-соңды сатылған ең қымбат музыкалық аспап болуы мүмкін. Ол осы жұмада Нью-Йорктегі Sotheby's аукционында сатылады.

Аукцион үйі «Joachim-Ma Stradivarius» скрипкасының құнын 12-18 млн долларға бағалап отыр. 
Sotheby's-тің Aмерикадағы президенті Мари-Клаудиа Хименес Страдивари бұл скрипканы шамамен 1700 жылы басталған және оның шеберлігінің жақсаруымен ерекшеленетін «алтын кезеңінде» жасағанын айтты.

- Бұл – оның шығармашылығының шыңы. Бұл сол дәуірдің ең жақсы скрипкасы, - деп атап өтті Хименес.

Sotheby's атап өткендей, скрипка таңғажайып күйде сақталған, ал оның иелерінің тарихы ерекше. 

Скрипканың екі атақты иесі - Мажарстанның океремет скрипкашысы Джозеф Йоахим (1831–1907) және Қытайда туып, 1948 жылы АҚШ-қа қоныс аударған Си-Хон Ма (1926–2009).

Гиннестің рекордтар кітабының нұсқасы бойынша, қазіргі уақытта аукционда сатылған ең қымбат музыкалық аспап – бұл Страдиваридің тағы бір скрипкасы, 1721 жылы жасалған «Lady Blunt». Ол 2011 жылы 15,9 млн долларға сатылды.

Айта кетейік, қайтарылған активтер санатындағы Cartier, Breguet, Tiffany, Ulysse Nardin Classic қол сағаттары аукционға шығарылады.

Соңғы жаңалықтар