Страдиваридың ұрланған скрипкасы болгар сығандарынан табылды

Страдиваридың скрипкасы болуы ықтимал аспапты болгар полициясы арнайы операция кезінде тәркіледі: ИТАР-ТАСС агенттігінің мәліметтері бойынша, аспапты жергілікті сыған қауымының криминалдық серкелері сатпақ болған. Полицейлер сатушылармен сатып алу ретінде байланысқа шығып, скрипканы 380 мың долларға сатып алуға уағдаласқан.
Страдивари скрипканы 1696 жылы жасаған көрінеді, оны скрипкашы Мин Чин Кимнен ұрылар лондондық Юстон вокзалында дүңгіршектен сэндвич сатып алып жатқанда үптеп кеткен. Аспаппен бірге екі ысқы да қолды болған: оның біреуін француз шебері Доминик Пекате жасаған, оның бағасы шамамен жүз мың доллар тұрады, екіншісі - сегіз мың доллар шамасында тұрады.
Оларды ұрлаған Джон Моэн мен оның екі жасөспірім-сыбайласы сол жылы ұсталды. Олар скрипканы небәрі жүздеген фунт стерлингіге сатпақ болған. 2011 жылы олар қылмысын мойындады, Моэн төрт жыл жарым мерзімге түрмеге тоғытылды, бірақ та ұрланған аспап табылмады. Скрипканы тапқан кісіге 40 мың фунт (шамамен 60 мың АҚШ доллары) сыйлық та тағайындалған болатын.