Strandja-2013: үш боксшымыз алтынға таласады
АСТАНА. 23 ақпан. ҚазАқпарат - Бокстан Болгарияда өтіп жатқан Strandja 2013 додасының финалына ұш қазақстандық боксшысы шықты. Оның қатарында әлем чемпионатының қола жүлдегері Ғани Жайлауов бар, деп хабарлайды «Аламан» ұлттық спорт порталы.
60 келідегі Жайлауов жартылай финалда шаршы алаң ииесі Элиан Димитровты 17:6 есебімен ұтты. Енді біздің боксшы финалда тағы бір болгар боксшысы Детелин Делаклиевпен бокстасады.
Аса жеңіл салмақтағы Теміртас Жүсіпов жартылай финалда белоруссиялық Вадим Кириленканы 20:7 есебімен жеңді. Оның финалдағы қарсыласы әзірбайжандық Мунасиб Маммадов болмақ.
91 келідегі Жан Кособуцкий да алтынға таласады. Финалдағы қарсыласы - белорусь Виктор Зуев. Естеріңізге сала кетейік, боксшымыз жартылай финалда украиналық Игор Плеваконы еліне қайтарды - 15:8. Финал, бүгін 23 ақпан күні өтеді.