Страндж кубогы: Қазақстандық боксшы қыз жекпе-жекті жартылай финалдан бастайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Болгария астанасы София қаласында бокстан өтіп жатқан дәстүрлі «Страндж кубогында» қазақстандық бұрымды боксшы жарысты бірден жүлделі орыннан бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Страндж кубогы: Қазақстандық боксшы қыз жекпе-жекті жартылай финалдан бастайды

Аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Ләззәт Күнгейбаева шаршы алаңға шықпай-ақ жүлделі орынға шыға келді.

Нақтырақ айтсақ, отандасымыз жеребе тарту қорытындысына сәйкес, жарысты жартылай финалдан бастайтыны белгілі болды.

Осылайша, ол жекпе-жексіз қола медальға қол жеткізіп тұр.

Сондай-ақ, аталған турнирде тоғыз бұрымды боксшымыз ширек финалға шықты. Бүгін олардың ширек финалдағы қарсыластары анықталды.

Ширек финалдағы қазақстандық боксшылардың қарсыластары:

Алуа Балқыбекова (48 келі) - Анна Охота (Украина)

Назым Қызайбай (50 келі) - Лаура Фуертес Фернандес (Испания)

Балауса Мұздыман (54 келі) - Станимира Петрова (Болгария)

Дина Жоламан (54 келі) - Шэрон Приско (Италия)

Карина Ибрагимова (57 келі) - Вилма Витанен (Финляндия)

Валентина Хальзова (70 келі) - Дарима Сандакова (Ресей)

Надежда Рябец (75 келі) - Елена Гапешина (Ресей)

Анастасия Баязитова (81 келі) - Сохиба Рузметова (Өзбекстан)

Валерия Аксенова (81 келіден жоғары) - Нандини (Үндістан)

Аталған турнир 19 ақпанда басталған болатын. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 28 ақпанда белгілі болады.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейінаталған турнирде ерлер құрамасынан ширек финалға 10 боксшы шыққанын хабарлаған болатынбыз.