Странджа кубогы-2024: Қай ел қанша медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM – Кіші әлем чемпионаты аталып кеткен Болгария астанасы София қаласында өткен Странджа кубогында Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медальмен жалпы командалық есепте алдыңғы бестікке кірді.

Дулат Бекбауов
Фото: Минтуризма и спорта РК

Қазақстан құрамасынан алтынды 67 келіде өнер көрсеткен Дулат Бекбауов, күмісті 51 келіде Санжар Тәшкенбай, қола жүлдені 80 келіге дейінгі салмақта Тұрсынбай Құлахмет қанжығасына байлады.

Ал жалпы командалық есепте Өзбекстан боксшылары көш бастады. Олардың еншісінде 5 алтын, 2 күміс, 5 қола медаль болса, екінші орынды 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медальмен үнді боксшылары жеңіп алды. Үздік үшінші орынға Болгария боксшылары ие болды. Олардың еншісінде 1 алтын, 4 күміс жүлде бар.

Жалпы командалық есеп:
1. Өзбекстан — 5-2-5
2. Үндістан — 2-2-2
3. Болгария — 1-4-0
4. Украина — 1-1-3
5. Қазақстан — 1-1-1
6. Грузия — 1-0-3
7. Қырғызстан — 1-0-0
7. Қытай — 1-0-0
9. Алжир — 0-1-4
10. Тәжікстан — 0-1-0
10. Грекия — 0-1-0
12. Иран — 0-0-2
13. Түркия — 0-0-1
13. Франция — 0-0-1
13. Моңғолия — 0-0-1
13. Армения — 0-0-1
13. Литва — 0-0-1
13. Ирландия — 0-0-1.

Айта кетейік, биылғы Странджа кубогына Қазақстан бірінші нөмірлі боксшыларын апарған жоқ. Себебі, Ұлттық құраманың негізгі құрамы Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтетін лицензиялық турнирге қатысады.