Странджа Кубогы: Боксшылардың алғашқы қарсыластары анықталды
АСТАНА. KAZINFORM – Кіші әлем чемпионаты саналатын Болгариядағы «Странджа кубогының» жеребесі тартылып, боксшыларымыздың алғашқы қарсыластары белгілі болды.

Қазақстандық боксшылардың қарсыластары:
51 келі: 1/8 финал. Санжар Тәшкенбай (Қазақстан) — Бекзат Ергешов (Қырғызстан)
54 келі: 1/8 финал. Дәулет Молдашев (Қазақстан) — Руслан Эрнст уулу (Қырғызстан)
57 келі: 1/8 финал. Оразбек Асықұлов (Қазақстан) — Владислав Стас (Украина)
60 келі: 1/8 финал. Руслан Күзеубаев (Қазақстан) - Артюш Гомзиани (Грузия)
63,5 келі: 1/8 финал. Ерасыл Танкай (Қазақстан) - Красимир Джуров (Болгария)
67 келі: 1/8 финал. Дулат Бекбауов (Қазақстан) - Благовест Неделчев (Болгария)
71 келі: 1/8 финал. Талғат Шайкен (Қазақстан) - Ескерхан Мәдиев (Грузия) / Джемал Шаламберидзе (Грузия)
75 келі: 1/8 финал. Нұрқанат Райыс (Қазақстан) - Даниел Абдрахманов (Қырғызстан)
80 келі: 1/16 финал. Тұрсынбай Құлахмет (Қазақстан) - Николай Дишков (Болгария)
92 келі:1/8 финал. Абзал Құттыбеков (Қазақстан) - Хань Сюжэнь (Қытай).
Биылғы бәсекеде 28 елден 178 боксшы 13 салмақта жүлдені сарапқа салады.
Аталған турнир 12 ақпанда мәресіне жетеді.
Айта кетейік, 2023 жылы өткен жарыста Оразбек Асылқұлов (57 келі) – күміс және Нұрқанат Райыс (75 келі) – қола жүлдегер атанған болатын.