06:32, 12 Желтоқсан 2018 | GMT +5
Страсбургте сәрсенбі қаралы күн болып жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Страсбург мэрі Ролан Рис атыс салдарынан қаза тапқандарға байланысты сәрсенбі қалада қаралы күн болып жарияланатындығын мәлім етті. Рождестволық жәрмеңкелер,спектаклдер мен концерттер тоқтатылады.
Алдын ала деректерге қарағанда, атыс кезінде екі адам қаза тауып, 12-сі жараланған, деп атап өтті жергілікті билік.
«Ертең қалада қаралы күн. Біз рождестволық базарларды жабамыз, спектаклдерді, концерттерді тоқтатамыз»,-деді мэр BFMTV телеарнасының эфирінде.
Сондай-ақ ол қаланың тап ортасында адамдарды атқан қандықолдың әлі ұсталмағандығын, іздеу операциясы жалғасып жатқандығын атап өтті.