Страсбургтегі атыс құрбандарын еске алу: Эйфель мұнарасының жарығы сөндіріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Страсбург қаласында болған атыс салдарынан қаза тапқандарды еске алу үшін сәрсенбі күні түнге қарай Эйфель мұнарасының жарығы сөндіріледі. Бұл туралы Париж мэрі Анн Идальго мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Еске сала кетсек, сейсенбі күні белгісіз біреу Страсбургтегі рождесволық жәрмеңке маңында оқ жаудырған еді.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, атыс салдарынан үш адам мерт болып, 13-і жараланған.

«Біз сәрсенбі күні түн ортасына таман Старсбургтегі шабуыл салдарынан мерт болғандарды еске алу үшін, сондай-ақ олардың жақын-туыстарын және Страсбургтің барлық тұрғындарын қолдау үшін Эйфель мұнарасының жарығын сөндіреміз»,- деп жазды Париж мэрі Twitter-ге.

Соңғы жаңалықтар