Страсбургтегі атыстың салдарынан қайтыс болғандар саны 4 адамға жетті
Агенттіктің жазуынша, атыс салдарынан 4 адам мерт болып, 11 адам зардап шекті, деп хабарлаған Нижний Рейн департаментінің өкілдері.
Франциялық БАҚ қарулы шабуыл жасаған азаматтың есімі белгілі екендігін хабарлады. Осы уақытта оны іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Билік өкілдері болған жағдайды теракт деп бағалап отыр.
Полиция оқиға болған ауданды қоршауға алып, онда қоғамдық көліктердің қозғалысы тоқтатылған.
Осы оқиғаға байланысты Франция президенті Эммануэль Макрон Елисей алаңында өтуі тиіс мәжілісті тоқтатты.
Страсбургтегі Еуропарламент ғимараты маңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
Осыған дейін Страсбург орталығында атыс болғандығы хабарланды.
Сондай-ақ атыс салдарынан қайтыс болғандар санының артқандығы жазылды.
Сонымен қатар Страсбургте сәрсенбі қаралы күн болып жарияландығы хабарланды.