Стратегия мен мақсат дұрыс болса президенттің жеті жылдық мерзімі жеткілікті - сарапшы

АСТАНА. ҚазАқпарат – Елдің даму стратегиясы дұрыс таңдалып, мақсат анық қойылған жағдайда президентті 7 жыл мерзімге сайлау жеткілікті. Бұндай пікірді Jibek Joly телеарнасының эфирінде ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Менің ойымша, президентті жеті жыл мерзімге сайлау жеткілікті. Егер стратегия дұрыс таңдалып, мақсаттар белгіленсе онда жеті жыл жетіп жатыр. Оның үстіне президентті жеті жылға сайлау бойынша Францияның тәжірибесі бар. Ал егер мақсат нақты болмаса, онда 7 жыл тұрмақ 70 жыл да жеткіліксіз болуы мүмкін. Егер Қазақстан туралы айтатын болсақ, жеті жылдық мерзім бүкіл елді қайта құрып, экономика мен қоғамды жаңғыртуға да жеткілікті. Бізде қалай әрекет ету керектігі туралы түсінік бар», - деп түсіндірді ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры.

Сондай-ақ сарапшы жаңа өзгерістердің оңайға соқпайтынын айтты.

«Бұл ішкі және сыртқы мәселелер. Сондықтан Президент Қазақстанды өзгертуге батылдық танытты деп санаймын. Расында бұл туралы 2019 жылдың басынан бері айтып келеді. Алайда, қоғамдық қолдау болуы керек деп санаймын. Қоғамның қолдауынсыз ешқандай міндетті орындау мүмкін емес. Өмір енді басталады деп сенемін», - деді Еркін Тұқымов.


Видеодан алынған кадр/jjtv.kz/ru/live

Соңғы жаңалықтар