«Стратегия» зерттеу орталығы қазақстандық қоғам пікірінің қорытындыларын жариялады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сауалнама биыл шілде айының 14-20 аралығында жүргізілді. Оған республиканың 14 облысы мен 2 республикалық маңызы бар қаладан жалпы саны 1592 адам қатысты. Іріктеме 3 %-дық сенімділік аралығындағы 95%-дық ықтималдылықты қанағаттандырады.
«Сауалнама басты 4 сұрақтың негізінде жүргізілді. Қорытындылары бойынша, қоғам оң көзқараста екендігін көрсетті. Мәселен, елдің экономикалық және материалдық жағдайын «өте жақсы» немесе «жақсы» деп бағалаушылардың саны 44 %-ға тең. Ал Президенттің жұмысына көңілі толатындардың саны өткен ақпан айымен салыстырғанда 4 %-ға өсіп, 89 %-ды құрады», деді «Стратегия» ӘСЗО» ҚҚ-ның президенті Гүлмира Елеуова. Оның айтуынша, Қырғызстандағы саяси жағдайлардан да қазақстандықтардың басым бөлігі жоғары деңгейде ақпараттандырылған. Бұл саяси оқиғалар жөнінде де елдің қоғамдық пікірі және өзіндік ұстаным толық қалыптасқан.