Стратегиялық басымдықтарды анықтау керек – Президент техникалық және кәсіптік білімді дамыту жайлы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының дамуына кешенді түрде келіп, колледждерді сенімді басқармаға ауысуындағы стратегиялық басымдықтарды анықтау керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тамыз кеңесінде Үкіметке осындай тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тағы бір маңызды мәселе – уақыт пен еңбек нарығының талабына сай арнайы орта білім беру оқу орындарын жаңғырту. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, колледждерде басымдық тек материалдық-техникалық қамтамасыз етумен ғана жұмыстың бәрі шектеліп қалатынын көрсетіп отыр. Бұл – ресурс жағынан шығынға ұшырататын әдіс. Үкіметке техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының дамуына кешенді түрде жақындап, колледждерді сенімді басқармаға ауысуында стратегиялық басымдықтарды анықтауды тапсырамын», - деді Президент Тамыз конференциясында.

Бұл ретте Мемлекет басшысы дуальды оқытуды дамыту, түлектерді жұмысқа тұрғызу жұмысына маңыз беруге шақырды.

«Бұл жерде мен жақсы мысал ретінде Атыраудағы мұнай саласының кадрларын дайындайтын колледжді айтар едім. Жұмыс сапары кезінде ол колледжге барып қайтқанмын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар
telegram