Стратегиялық нысанға рұқсатсыз кірген теміртаулыққа айыппұл салынды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртауда полиция қызметкерлері стратегиялық маңызды нысан - гидро тораптық аумаққа рұқсатсыз кіріп кеткен тұрғынды ұстап, оған айыппұл салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Күзетілетін аумаққа рұқсатсыз кіріп кеткен ер адам  ұсталды. Су торабы ҚР Ауыл шаруашылығы Су ресурстар комитетінің қарамағандағы мекеме. Ер адам нысанға қандай да бір зақымдар келтірген жоқ. Тәртіп бұзушы адам қоршалған аумаққа қызығушылығы  ұстан соң кіргендігін айтты. Оған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің «Күзетiлетiн объектiлерге заңсыз кіру» 506-бабында көзделген құқық бұзушылық белгілері бойынша жауапкершілікке тартылады», - делінген Теміртау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты таратқан хабарламада.

Сот ер адамның кінәсін толық мойындау жағдайын ескере келіп, айыппұл көлемін 23 825 теңгеге дейін төмендетті.

Соңғы жаңалықтар