Стресстік активтер қоры екінші деңгейлі банктердің проблемалы активтерін сатып алуды қарастыруда

АСТАНА. Сәуірдің 28-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Стресстік активтер қоры екінші деңгейлі банктердің проблемалы активтерін сатып алуды қарастыруда. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде аталған Қордың Басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті,

Стресстік активтер қоры екінші деңгейлі банктердің проблемалы активтерін сатып алуды қарастыруда
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Стресстік активтер проблемалы активтерді сатып алу мүмкіндіктері бойынша екінші деңгейлі банктермен бірлескен жұмыстар атқаруда. Бұл проблемалы активтер негізінен шағын және орта бизнестің, ірі өнеркәсіптік компаниялардың проблемалы активтері болып табылады. Бүгінгі күні екінші деңгейлі банктер өздерінің проблемалы активтерін жүзеге асыру жолдарын әзірлеп жатыр. Сондықтан да жылдың екінші жартысынан бастап Стресстік активтер қоры екінші деңгейлі банктермен осы мәселе жөнінде белсенді жұмысқа кірісетін болады», деді Қ. Келімбетов.