«Стрестік активтер» қорының проблемалы ипотекалық несиелерді сатып алуға қатысу механизмі пысықталып жатыр - Қ. Келімбетов

АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазіргі уақытта «Стрестік активтер» қорының проблемалы ипотекалық несиелерді сатып алуға қатысу механизмі пысықталып жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бүгінгі күні «Стрестік активтер» қоры құрылып қойды, оны басқарушы органдар сайланды, банктермен келіссөздер басталды, қорды 52 млрд. теңге көлемінде капиталдандыру жүргізілді, шетелдік консультантар тартылды. Алғашқы екі айдың ішінде қор банктердің активтерін беру механизмдерін әзірлеумен, әріптес банктердің тізімдерін келісумен, олардың активтерін бағалаумен шұғылданады, содан кейін ноттарды шығаруды бастайды. Сондай-ақ «Стрестік активтер» қорының проблемалы ипотекалық несиелерді сатып алуға қатысу механизмі пысықталуда», деді отырыста Қ. Келімбетов. Оның айтуынша, «Стрестік активтер» қорының алдына қазақстандық банктердің проблемалы активтерін сатып алу және оларды басқару сынды маңызды міндет қойылып отыр. «Қордың жұмыс үдерісі төрт кезеңнен тұрады: банктердің активтерін бағалау, активтерді сатып алу, активтерді басқару, активтерді сату. Қор жұмысының тұжырымдамасын біз Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің қаңтардың 20-ғы отырысында таныстыруды жоспарлап отырмыз», деді «Самұрық-Қазына» басшысы. Айта кетейік, «Стрестік активтер» қоры екінші деңгейлі банктердің проблемалы активтерін басқару үшін құрылды. Қордың мақсаты ? банктердің активтерінің сапасын жақсарту, олардың қызметін проблемалы заемдармен жұмысқа емес, экономиканы кредиттеуге аудару.
Соңғы жаңалықтар