Стросс-Каннға қарсы қылмыстық іс жабылуы мүмкін
АСТАНА. 22 тамыз. ҚазАқпарат - Манхэттен прокуратурасы Нью-Йорк Жоғарғы сотының судьясы Майкл Обусқа «Софитель» қонақүйінің қызметші әйелі Нафиссату Диаллоны жәбірлемек болды деп айыптап отырған ХВҚ бұрынғы директор-басқарушысы Доминик Стросс-Каннға қатысты қылмыстық істі тоқтату жөнінде ұсыныс жасауға мүдделі,
деп жазады New York Post.
Басылымның мәліметтері бойынша, Стросс-Канның ісімен айналысатын Манхэттен аймақтық прокуратурасы сейсенбі күні сот отырысында Диаллоның берген түсініктемесінде шындыққа жанаспайтын бірқатар күдіктердің болуына байланысты сотқа экс-шенеунікке тағылған барлық айыптауларды алып тастау жөнінде өтініш жасайтын болады. Белгілі болғандай, қызметші әйел аталған іс бойынша түсініктеме берген уақытында ғана өтірік айтып қоймай, сонымен қатар АҚШ-тан саяси баспана сұраған кезінде де америкалық басшылыққа жалған ақпарат ұсынған, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
«Арызды қабылдамай тастау жөніндегі өтініште арызданушының берген түсініктемесінің шындыққа жанаспайтындығын дәлелдейтін басқа да жаңа айғақтар ұсынылды», - деп жазады басылым.