Стросс-Канның төлқұжатын қайтарып, АҚШ-тан кетуіне рұқсат берді

АСТАНА. 29 тамыз. ҚазАқпарат - ХВҚ бұрынғы басшысы Доминик Стросс-Каннға төлқұжатын қайтарып берді, енді ол АҚШ-тан қалаған уақытында кете алады.

Стросс-Канның төлқұжатын қайтарып, АҚШ-тан кетуіне рұқсат берді

Бұл жөнінде Agence France-Presse-ке ХВҚ бұрынғы басшысының жақтаушылары хабарлады.

Лента.ру-дың хабарлауынша, Стросс-Каннға төлқұжаты мен басқа да құжаттарын сейсенбі күні қайтарып беру керек болатын. Алайда 23 тамызда АҚШ-та болған жер сілкінісі бірқатар мемлекеттік мекемелердің жұмыс кестесін өзгертіп, ХВҚ бұрынғы басшысы құжаттарының қайтарылуын тағы екі күн күтуге мәжбүр болды.

Стросс-Канның АҚШ-тан нақты қашан кетері әзірге белгісіз. Болжам бойынша, отанына оралмас бұрын ол Вашингтондағы Халықаралық валюталық қордың штаб-пәтеріне бармақ. ХВҚ экс-басшысының бұрынғы жұмыс орнына кіріп-шығуы жөнінде бейсенбі күні баспасөз хатшысы Дэвид Хаули (David Hawley) хабарлады. «Біз ХВҚ кез келген бұрынғы директор-басқарушылары сияқты, Стросс-Каннды да қуанышпен қарсы аламыз», - деп қосты Хаули.