Струан Стивенсон Президент Н.Назарбаевтың бастамаларын қолдауда

ССЕЛЬ.  Тамыздың  27-сі. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ -  Қазақстанның  Бельгиядағы және  Люксембург  Ұлы Герцогтығындағы    Төтенше және Өкілетті Елшісі   Ерік Өтембаев сейсенбі күні   Еуропалық  парламенттің  депутаты  Струан  Стивенсонмен кездесті, 

Струан  Стивенсон  Президент Н.Назарбаевтың бастамаларын қолдауда

деп хабарлайды    Брюссельдегі Қазақстан  Елшілігі.

Қазақстанның дипломатиялық  өкілдігінің басшысы С.Стивенсонды  Еуропарламент   депутаты  болып  қайта сайлануымен  құттықтап,   Қазақстан  Парламенті мен  жаңадан сайланған Еуропалық   парламенттің  арасындағы  ынтымақтастық  сындарлы серіктестік  рухында  әрі қарай  жалғасын табатынына сенім білдірді.

Е.Өтембаев  пен  С.Стивенсон  кездесу  барысында  сондай-ақ,   жаһандық    және  өңірлік  қауіпсіздік  мәселелерін  және    Семей ядролық полигоны жабылған   күнді,  тамыздың 29-ын  -   Ядролық қару-жарақтан бас тартудың  дүниежүзілік күні  деп  жариялау  туралы    Президент Н.Назарбаевтың бастамасын   талқылады.

Замана  ығыттары мен  халықаралық қауіпсіздікке  төнген  қатерлі  талқылау    контексінде  С.Стивенсон  Қазақстан  Президентінің бастамасына  қолдау  білдірді  және   аймақтық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  етудегі  Мемлекет басшысы  жүргізіп  отырған  саясатқа  жоғары  баға берді.   Оған қоса,    2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына  төрағалық    ететін   Қазақстанның  Орталық  Азиядағы  орнықтылықты қамтамасыз  етудегі  аймақтық   көшбасшы  ролін атап  көрсетті.

С.Стивенсон  әлем  жұртшылығының   назарын  Семей проблемасына     аударып жүрген    танымал  саясаткер.   Семей өңірінің  проблемасына   әлем  жұртшылығының  назарын  аударуға    күш-жігер   салып жүрген  саясаткер, өз бастамашылығымен    Шотландияның Эдинбург қаласында         (2001 жылдың  қазан  айында),  Еуропалық  парламентте,  Брюссельде (2004  жылдың  шілде айында),  Лондондағы  Халықаралық даму  департаментінде (2004  жылдың  қыркүйек  айында)  Семей проблемаларына арналған    бірнеше көрмелер  мен семинарлар   өткізді.

Қазақстан  мен  Еуропарламенттің арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан  үлесі  үшін  С.Стивенсон  мырза  «Шапағат»  медалімен    марапатталған  (2006   жылы, желтоқсан).