Студент бірегей телефон ойлап тапты - ФОТО

АСТАНА. ҚазАқпарат - VII республикалық иновациялық идеялар, технологиялар және жобалар жәрмеңкесінің аясында Абу Райхан Беруни атындағы Ташкент мемлекеттік техникалық университетінің 1-курс студенті Сирожиддин Насриддинов мөлдір екі жақты экраны бар МХ-1 жаңа ұрпақ ұялы телефоны - өзінің бірегей әзірлемесін ұсынды, деп жазады шетелдік БАҚ.
None
None

Телефон ерекше дизайнға ие. Корпусы соққыға төзімді шыныдан жасалған, ал мөлдір экраны екі жақты болып келеді.

Жас өнертапқыштың айтуынша, телефонды нанопленка арқылы күн сәулесінің көмегімен, сондай-ақ корпуста орнатылған аккумуляторды пайдаланып қуаттандыруға болады. Сондықтан ерекше қуаттадыруды қажет етпейді, бірегей құрылғы күндізгі жарық энергиясымен де қорек ала береді.

Заманауи басқа телефондар сияқты бұл телефонның да сенсорлық пернетақтасы бар. Төменгі бөлікте телефонды басқаратын үш сенсорлық түймесі бар, төменгі жағында антенна мен web-камера орналасқан.

Бұндай бірегей құрылғының құны 600 доллар көлемінде болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар