«Студент қалашықтары салынады» - баспасөзге шолу

АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» агенттігі республикалық басылымдарда 10 шілде, сәрсенбі күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.
None
None

* * *

«Егемен Қазақстан» басылымының бүгінгі санында «Маскүнемдер тізімінде «өлі жандар» да жүр» деген материал берілген. «Қолдағы деректерге көз жүгірте отырып, арақ десе арын да, барын да сататын солтүстік өңірдегі маскүнемдердің саны кему қайда дейсің. Алдын айпар, жанын жайпар қызыл тілі сумаңдаған өрт секілді өршіп барады. Мәселен, былтыр «ақаңды» көрсе болды төркінін сағынған келіншектей екі көзі боталап қоя беретін 8678 ішкіш тіркеуге алынса, биылғы жылдың 5 айында олардың саны 7 мыңнан асып жығылған. Ал, үйінен де, күйінен де айырылып, ұшарын жел, қонарын сай білетін 82 таза маскүнем наркологиялық орталыққа тоғытылған»,-деп жазады газет. Облыстық құқық қорғау органдарының үйлестіру кеңесіне қатысушылар жағдайдың алаңдатарлық шекке жеткенін, бұлай жалғаса берсе, оның соңы үлкен қасіретке айналатынын жасырмады. Өңірдегі әрбір сегізінші қылмыс ішімдік салдарынан жасалса, 2012 жылы бұл көрсеткіштің 55 пайызға артуы ойландырмай қоймайды.


Осы басылымда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың «Ауыл әкімдерінің сайланбалығын енгізу - жергілікті жерлерде мемлекеттік басқаруды сапалы түрде өзгертеді» атты мақаласы басылған. «Ауыл әкімдерінің сайланбалылығын енгізу жергілікті халық үшін жергілікті билік органдарының жұмысын бақылауға нақты мүмкіндік берудің, мемлекеттік басқару жүйесін сапалы түрде өзгертудің тетігі болып табылады. Бұл - біздің еліміздің саяси жүйесін демократияландыру және жетілдіру жолындағы жаңа қадам. Сонымен қатар, бұл сайлау Қазақстан сайлау жүйесінің де дамуының маңызды кезеңі, ауқымды өңірлік электораттық науқандарды ұйымдастыруда және өткізуде жаңа практикалық тәжірибе жинау үшін негіз болып табылады»,-дейді Қ. Тұрғанқұлов.

* * *

«Айқын»
газетінде «Студент қалашықтары салынады» деген мақала көпшілік назарына ұсынылып отыр. Қазақстанда алда болатын Қысқы универсиадаға қатысушыларға арналған студенттер қалашықтарының құрылыстары басталды. Қазақстан студенттік спорт федерациясының президенті Қайрат Закирьяновтың мәлімдеуінше, Алматы қаласында 20 мың студентке, Астанада 10 мың студент тұратын жатақханалар салынбақшы. Қазір Қазан қаласында өтіп жатқан 27-әлемдік Жазғы универсиадаға әлемнің 160 елінен 12 мың студент қатысуда. Студенттерден басқа олардың жаттықтырушылары, қосымша қызмет көрсететін, жарысты қызықтау үшін келген тағы да соншама адамдар бар. Бұлардың барлығын жатын орынмен қамтамасыз ету оңай емес екені белгілі. Сондықтан Қазан қаласының басшылары, универсиаданы ұйымдастыру комитеті дайындық жұмыстарына бұдан екі-үш жыл бұрын кіріскен.



Осы басылымның жазуынша, кеше күндізгі сағат 12-ге жақындаған мезгілде Алматы метрополитені арқылы тасымалданған жолаушылардың саны 11 миллионға қарай кетті. Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Абай стансасында жерасты көлігінің 10 миллионыншы жолаушысын құттықтап, үлкен плазмалық теледидарды сыйға тартты. Бұл жайында «Алматы метрополитені 10 миллион жолаушы тасымалдады» деген мақалада берілген.

Соңғы жаңалықтар