Студент қатарына қабылданды

АЛМАТЫ. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат   /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті педагогика және психология факультеті 2009-2010 оқу жылының 1 курс студенттерін салтанатты түрде «студенттер қатарына қабылдау» рәсімін өткізді,

Студент қатарына қабылданды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі кеш мерейлі ұстаздар күні мен факультетіміздің 1 курс студенттерін «студенттер қатарына қабылдап, студенттік билет пен сынақ кітапшасын табыс ету күнімен ұштасып отыр. Біздің факультетте 6 мамандық бойынша бакалавр және 4 мамандық бойынша магистр дайындалады. Сондай-ақ 3 мыңға жуық студент білім алуда. Биылғы оқу жылына 200-ге жуық грант иегері және 110 ақылы негізде оқитын студент қабылданды», дейді аталмыш факультеттің деканы, педагогика ғылымының докторы, халықаралық педагогикалық білім және ғылым академиясының корреспондент-мүшесі  Иманбаева Сәуле Тоқтарқызы.

  Шара барысында кафедра меңгерушілері және оқытушылар құттықтау сөз сөйлесе студенттер ән айтып, би билеп өз өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар бүгінгі кештің қонағы, танымал әнші Меруерт Түсіпбаева студенттерге ақ жол тілей отырып, өзінің әсем әндерін жолдады.