Студент пен магистранттардың шәкіртақысын өсіру үрдісі 2025 жылға дейін жалғасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 қыркүйектен бастап студенттердің, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы өсті. Бұл үрдіс 2025 жылға дейін жалғаспақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Студент пен магистранттардың шәкіртақысын өсіру үрдісі  2025 жылға дейін жалғасады

«Осы мүмкіндіктер сақталады. 2025 жылға дейін шәкіртақыны өсіреміз. Келесі қыркүйектен бастап тағы 15%-ке, 20%-ке. Мақсатымыз - оқытушыларымыздың, профессорларымыздың, Ph-докторанттарымыздың, студенттеріміздің шәкіртақыларын өсіріп, еңбек нарығындағы орташа және жоғары деңгейге келтіру. Неге десеңіздер, қазіргі таңда ұстаздардың жалақылары өсті. Біз соңғы екі жылда 3 мыңнан астам профессорымызды жоғалтып алдық. Олар мектептерге кетті. Себебі мектепте жалақы жақсы», - деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек министрліктің телеграм каналында.