Студенттер арасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 75 жылдығына арналған спартакиада өтеді

АЛМАТЫ. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ –Ақпанның 14-інде Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 75 жылдығына арналған 75 жылдығына арналған студенттер арасындағы мерейтойлық спартакиада басталады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Спартакиада екі ай бойы университеттің 13 факультетінің студенттері арасында спорттың 10 түрі бойынша өтеді. Спорттық сайыс үстел үстіндегі теннистен басталады. Сондай-ақ бәсекеге Алматы қаласындағы жоғары оқу орындары мен факультеттерінің құрама командалары қатыспақ. Олардың арасында еліміздің жетекші спортшылары, спорт шеберлері, ҚР ұлттық құрамасының мүшелері бар. Бұл жарыс алда болатын ҚР бесінші жазғы универсиадаға және Белград қаласында өтетін Дүниежүзілік универсиада ойындарына дайындық кезеңдерінің бірі болып табылады. Спартакиада университеттің спорт кешенінде ұйымдастырылады.
Соңғы жаңалықтар