Студенттер арасында бағдарламалау бойынша әлем чемпионатының қазақстандық ішкі аймақтық ширек финалы өтеді
АСТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат - Назарбаев Университетінде студенттік командалар арасында бағдарламалау бойынша әлем чемпионатының қазақстандық ішкі аймақтық ширек финалы (ACM ICPC) өтпек.
Ширек финалға қатысу үшін Астана қаласына Қарағанды, Ақтау, Рудный, Теміртау, Петропавл, Қостанай, Көкшетау, Орал, Атырау, Семейден командалар қеледі. Барлығы 45 команда жарысқа түседі. Назарбаев Университеті биыл 6 команда шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Университеттің баспасөз қызметінен хабарлады.